Түрікменстанда электр, газ және су ақылы болды

Т?рікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов елде халы??а арнал?ан барлы? ?леуметтік же?ілдікті алып тастауды тапсырды, оны? пікірінше, б?л тиімсіз. Бердымухамедов б?л туралы с?рсенбідегі ?кімет отырысында м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Т?рікменстанны? Мемлекеттік а?парат агенттігіне сілтеме жасап. 

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов елде халыққа арналған барлық әлеуметтік жеңілдікті алып тастауды тапсырды, оның пікірінше, бұл тиімсіз. Бердымухамедов бұл туралы сәрсенбідегі үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түрікменстанның Мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бердымухамедов вице-премьер Ходжамаммедовке барлық жеңілдікті жою бойынша ұсыныстар дайындауға тапсырма берді. 

"Яғни жеңілдіктер барлығына бірдей берілмеуі тиіс, оған шын мәнінде мұқтаж адамдарға берілуі тиіс", - деп хабарлайды Түрікменстанның Мемлекеттік ақпарат агенттігі. 

Реклама
Реклама

"Салық жүйесі арқылы ғана біз жалақы көлемін арттырамыз, сондай-ақ, мақсатсыз беріліп жатқан ақшалай сыйақыдан бас тартамыз", - деді Түрікменстан президенті. 

Айта кетейік, Түрікменстан азаматтары 1993 жылдан бастап әлеуметтік қажеттіліктерді тегін алып жүрген еді. Бұл жеңілдіктер сол уақыттағы президент Сапармурат Ниязовтың кезінде енгізілген. Тұрғындар су, газ және электрді тегін алып келген еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама