Түркі мемлекеттері бірыңғай әліпбиге көшуді талқылап жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіретін Түркі мемлекеттері ұйымы бірыңғай әліпбиге көшу мәселесін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.

Құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіретін Түркі мемлекеттері ұйымы бірыңғай әліпбиге көшу мәселесін талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, тіл бірлігі мен түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиге көшу үдерісін жеделдету мақсатында біртұтас әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылды.

Оның құрамына түркі мемлекеттеріндегі тіл саясатымен айналысатын әр ресми құрылымнан екі мүше кіреді. Комиссияның бірінші отырысы Қырғызстанда өтеді.

Реклама
Реклама

Бірыңғай әліпби жасау жөніндегі комиссияны құру туралы шешім Түркияның Бурса қаласында өткен және Тіл күнінің 90 жылдығына арналған "Түркі әлемінің ортақ әліпбиі бойынша семинар" отырысында қарауға ұсынылды. 

Семинарда түркі мемлекеттерінің ғалымдары өз елдерінде орын алған әліпби және тарихи тілдік үдерістер туралы мағлұмат беріп, біртұтас әліпбиге көшу және оны түркі мемлекеттері арасында тарату үдерісін жеделдету маңыздылығын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная