Түркия әуежайындағы жарылыстар: қаза болғандардың саны артты

© REUTERS

Түркияда Ыстамбұл әуежайындағы алапат жарылыстардан қаза болғандардың саны артты. 29 маусымда кешкі уақытта ауруханада әуе айлағының 22 жастағы қызметкері Мерве Йигит көз жұмды, - деп хабарлайды CNN Turk.

Қыз Ыстамбұл университетінде оқыған және әуежайда жарты жалақыға жұмыс істеп жүрген. Ал жарақат алғандардың саны 200-ден асып жығылған.

Habertürk газеті Ыстамбұлдағы өлімшілердің бірінің суретін жариялады. Лаңкестің аты-жөні анықталды. Басылымның мәліметінше, ол - Түркия азаматы Муслим Сарыйяр.

Реклама
Реклама


© haberturk.com

Еске салайық, 28 маусымда кешкі уақытта Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайының халықаралық терминалында үш бірдей жарылыс болған еді. Үш өлімші лаңкес әуежайдағы адамдарды автоматпен атып, кейін жарылғыш затты іске қосқан. Ал теракт орнында тергеушілер қосылмай қалған тағы екі гранатаның болғанын анықтады. Олардың бірі өлімші лаңкестің сөмкесінен табылды. Түркия билігі әуежайға шабуыл жасаған "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) деп есептейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама