Түркия премьері Анкараға қандай елдердің жау екендігін атады

© 1news.az

Исламдық оппозиционер Гүленді қолдаушы мемлекеттер Түркия жауы болып саналады. Осындай мәлімдемені Түркия премьер-министірі Бинали Йылдырым жасады. Оның айтуынша, Гүлен террорлық ұйымның лидері, сондықтан оны жасырып отырған ел Анкараның одақтасы бола алмайды, - деп хабарлайды ТАСС.

"Егер ол мемлекет лаңкесті жасырып отырса, онда ол ел Түркиямен дос емес және де Түркияға қарсы жасырын соғыс жргізуде. Қарулы төңкеріс жасау әрекетінің ұйымдастырушысы жазалануы тиіс.

Ислами оппозиционер Фетхуллах Гүлен қазіргі кезде АҚШ-та өмір сүреді. Түркия билігі Елдегі режимді ауыстыру мақсатында мемлекттік төңкерісті жасау әрекетін соның "Хизмет" қозғалысына артады. Оппазиционер Гүленнің жақтаушылары түнде болған жағдайларға байланысты оның қатысы жоқтығын айтуда.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Ал сенбіде түрік премьері бүлік шығарғандардың ұсталғанын мәлімдеді. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама