Түркия премьері Кәрімовтің қазасы жайлы айтты

© haqqin.az

Т?ркия премьер-министрі Бинали Йылдырым ж?ма к?ні ?збекстан президенті Ислам К?рімовті? ?азасына байланысты к??іл айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Алайда премьер б?л м?ліметті ?айдан ал?анын жария етпеді. 

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым жұма күні Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қазасына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. Алайда премьер бұл мәліметті қайдан алғанын жария етпеді. 

"Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қайтыс болды. Алла оның жанын тыныштандырсын. Түрік Республикасының атынан Өзбекстан халқына көңіл айтамын", - деп мәлімдеді Йылдырым түрік үкіметінің Анкарадағы отырысында. Бұл отырыс тікелей эфирде таратылып жатыр. 

Еске салайық, 2 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеген болатын. 

Реклама
Реклама

Ал өзбек БАҚ-тары Өзбекстан басшысын жерлеу рәсімі Самарқанда өтетінін хабарлап үлгерді. Ал кейінірек Ақорда Назарбаев Өзбекстанға барады деген мәліметке қатысты пікір білдірген болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама