Түркия президенті "Еуроодақпен қош айтысатынын" мәлімдеді

Анкарамен келісс?здерді? жа?а тарауы ашылмаса, Т?ркия Еуроода? ??рамына енуден бас тартады. Б?л туралы ел президенті Режеп Тайип Ердо?ан м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Анкарамен келіссөздердің жаңа тарауы ашылмаса, Түркия Еуроодақ құрамына енуден бас тартады. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Олар мұны жасамайтын болса, сау болсын. Түркия есік алдында күтетін құл емес. Пункттер ашық болса, отырып, әңгімелесеміз. Бұлай болмаған жағдайда сөз шығындамаймыз", - деп мәлімдеді Ердоған Түркияның билеуші партиясының парламенті депутаттарының алдында. 

Осыған дейін Ердоған осы мәселе шешілмесе, сонымен қатар, одақ мүшелерінің арасында қазіргі жаугершілік көңіл-күй сақталса, Анкараның ЕО құрамына кіру бойынша позициясын қайта қарайтынын айтқан. 

Реклама
Реклама

Ал өз кезегінде Германия билігі Түркияның Еуроодаққа ену жөніндегі келіссөздерін тоқтатуға қарсылық білдірген. 

Еске салайық, Анкара Еуроодақ мүшесі болу туралы өтінішін 1987 жылы түсірген еді. 2005 жылы ғана басталған келісөздер тараптардың пікір қайшылығына байланысты кейінге шегеріліп отырған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама