Түркия президенті Таяу Шығыс елдерін араздықты қоздыруға қарсы бірігуге шақырды

112.ua

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Таяу Шығыс елдерін өңірдегі конфессияаралық араздықты қоздыруға қарсы бірігуге шақырды, - деп хабарлайды "РИА Новости".

Түрік лидері "Әл-Арабия" телеарнасына берген сұхбатында "Әлемде бізді бөлу туралы ниет бар, сондықтан біз күш біріктіруіміз керек. Ирак, Сирия, Палестина және Ливия елдерінде не болып жатқанын көріп отырсыздар", - деп мәлімдеді. 

Ердоған өңірдегі елдерге осы мәселелерді өткеруі қажет екенін және егер бұл іс қолдан келсе ислам әлемі бұдан да күшті бола түсетінін айтып өтті. Ол Түркия мен Иранның арасында өңірлік мәселер жөнінде бірқатар қайшылықтың бар екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Түркия мен Иранның арасында қайшылықтар бар, бірақ осы қайшылықтар тату көрші қатынасына әсер еткенін қаламаймын. Конфессияаралық ерекшеліктер бізді жау етпеуі керек, ислам біздің бағдарымыз болуы керек", - деп мәлімдеді Ердоған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама