Түркия СІМ өкілдері қазақстандықтар үшін виза тәртібін енгізу туралы қауесетті жоққа шығарды

© seey.ru

Түркия СІМ қазақстандықтар үшін виза тәртібін енгізу туралы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркияның сыртқы істер министрлігінің өкілдері 89 ел үшін виза тәртібін енгізу туралы хабарламаның жалғанын екенін айтты. Алайда Түркия азаматтарын Шенген визасынан арылту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. 

"Біздің азаматтарымызды Шенген визасынан босату үшін Еуроодақпен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Үшінші елдерге қатысты виза саясатымыздың Еуроодақпен толықтай біркелкі ету - міндетіміз, себебі Түркия Еуроодақтың толыққанды мүшесі", - деп хабарлады Түркия СІМ өкілдері.   

Реклама
Реклама

Бұл кезеңде Түркияның 1 маусымнан бастап Еуроодаққа виза қажет ететін елдер үшін виза тәртібін орнату туралы жоспары жайлы жаңалықтар шындыққа жанаспайды. 

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің қазақстандықтар үшін Түркияға кіру кезінде визаның қажет болатыны мәліметті тексеріп жатқаны хабарлаған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама