ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 наурыз 2017 09:11
Түркия Сириядағы әскери операциясын аяқтағанын жариялады
Түркияның қарулы күштері Сирияның солтүстігінде жүргізген "Евфрат қалқаны" ("Щит Евфрата") операциясы сәтті аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ұйымдастырған отырысында осындай мәлімет айтылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Евфрат қалқаны" операциясы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ДАИШ лаңкестерінен келетін қауіп-қатерден қорғану, сириялық босқындарды еліне қайтару сәтті аяқталды", - делінген ҰҚК мәлімдемесінде.
Еске салайық, Түркия әскері өткен жылдың 24 тамызында Сирия оппозициясымен бірігіп, ДАИШ лаңкестеріне қарсы "Евфрат қалқаны" операциясын бастаған еді, олар шекаралас Джараблус және Эль-Баб қалаларын өз қарамағына алған. Осыған дейін Түркия президенті Ердоған осы операцияның басты мақсаты - бес мың шаршы шақырымды лаңкестерден тазартып, босқындарды қоныстандыруды көздейтінін айтқан.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу