Түркияда 8 наурызға байланысты жиналған әйелдерді тәртіп сақшылары рәзеңке оқпен атты

© Globallookpress.com

Ыстамбұл полициясы алдағы Халықаралық әйелдер күніне байланысты шеруге шыққан әйелдерді рәзеңке оқпен атып, қуып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости

6 наурызда жүздеген әйелдің ұран айтып, Ыстамбұлдың орталық алаңына жиналғаны және әйелдердің құқығын қорғауға бағытталған плакаттарды көрсеткені айтылады. Шеруге шыққандар түрік қоғамындағы әйелдің жағдайына назар аудартқысы келген.

Агенттіктің мәліметінше, қуып тастау кезінде полиция бір әйелді ұстаған. Сонымен қатар, 6 наурызда Анкарада ондаға әйелдің көшеге шыққаны айтылып отыр. Онда да полиция мен шерушілердің арасында қақтығыстар болған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама