Түркияда президентті қорлады деп айыпталғандардың барлығы босатылды

© REUTERS

Т?ркияда ел президенті Тайип Ердо?анды бала?аттады деген айыппен ?амау?а алын?ан барлы? азамат босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости Т?ркия президентіні? адвокаты Хюсейн Айдын?а сілтеме жасап.

Түркияда ел президенті Тайип Ердоғанды балағаттады деген айыппен қамауға алынған барлық азамат босатылды, - деп хабарлайды РИА Новости Түркия президентінің адвокаты Хюсейн Айдынға сілтеме жасап.

"Біз 29 шілдеде болған оқиғаға байланысты шара қолдандық. Менің білуімше, президентті балағаттап, түрмеде жазасын өтеген азаматтардың барлығы босатылды", - деді Хюсейн Айдын.

Сонымен қатар, ол Ердоғанды балағаттап, қамауға алынған және ұсталған он адамның босатылғаны жайлы айтты. Хюсейн Айдынның айтуынша, Түркия президентінің адвокаттары президентті балағаттау ісіне қатысты 4 мыңға жуық істі қайтарып алған, олардың ішінде оппозициялық партиялардың көшбасшылары - Кемаль Кылычдароглының Ұлттық-республикалық партиясы мен Девлет Бахчелидің Ұлттық қозғалыс партиясы бар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама