Түркияда қабырғаға ілінген мылтық атылып, бір әйел жарақат алды

© РИА Новости

Балконда шылым шегіп т?р?ан т?рік ?йелі ?абыр?а?а ілініп т?р?ан мылты?ты? кездейсо? атылуынан о? жара?атын алып ?алды, - деп жазады Hurriyet.

Балконда шылым шегіп тұрған түрік әйелі қабырғаға ілініп тұрған мылтықтың кездейсоқ атылуынан оқ жарақатын алып қалды, - деп жазады Hurriyet.

Басылымның мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 13.30-да Түркия орталығындағы Сельджуклу қаласында болған. Екі баланың анасы Эсра Даг пәтерінің балконына шылым шегу үшін шыққан. Алайда бір сәтте қабырғаға ілініп тұрған аң аулайтын мылтық құлап кетіп, оқ атылған. Оқ әйелдің мойнына тиіп кеткен.

Көршілері шуды естіген соң әйелдің үйіне келіп, оның үсті-басы қан түрін көріп, дәрігерлерді шақырған. Басылымның мәліметінше, әзірше әйелдің өміріне қауіп төніп тұр. Полиция қаруды тәркілеп, жауап ала бастады. Сондай-ақ,  Эсра Дагта ол қаруды иеленетін лицезиясы жоқ екені белгілі болды..

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама