Түркияның әуе күштері ресейлік Су-24 ұшағын атып түсірген

Түркияның әуе күштері ресейлік Су-24 ұшағын атып түсірген © РИА Новости

Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта ресейлік Су-24 ұшағын атып түсірген, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін Сирияда Түркиямен шекарада ресейлік Су-24 апатқа ұшырады. Болжам бойынша апатқа жерден ату себеп болған", - деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, ұшақ 6 мың метр биіктікте ұшып бара жатқан. Ұшқыштардың жағдайы анықталып жатыр. Болжам бойынша, ұшқыштар әуе кемесінен секіріп үлгерген. Олардың қайда екендігі анықталып жатыр. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштерінің Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсіргені хабарланған болатын. Ақпарат құралдары әуе кемесінің құлаған сәті түсірілген видеоны жариялады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама