Түркия АҚШ-тың көңіл айту жеделхатын қабылдамады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу АҚШ-тың Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке көңіл айтып жіберген жеделхатына өткір пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu және CNN Turk телеарналарына сілтеме жасап.

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу АҚШ-тың Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке көңіл айтып жіберген жеделхатына өткір пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu және CNN Turk телеарналарына сілтеме жасап.

"Біз шабуылдың қай жерде үйлестірілгенін білеміз. Бізге жіберілген хабарламаны алдық, бірақ Америка елшілігінің көңіл айтуын қабылдамаймыз. Біз ешкімге опасыздық жасаған емеспіз, сондықтан мұндай арамзалыққа бұдан былай төзімділік танытпаймыз. Истикляль көшесі - біздің аяулы орнымыз. Егер шабуылдаушыны ұстамағанымызда, ол бүгін Грекияға қашып кетер еді", - деді министр CNN Türk арнасына берген сұхбатында.

Сойлудың айтуынша, шабуыл Сирияның Кобани ауданында орналасқан күрд террористік ұйымының "тапсырмасы" бойынша жүзеге асырылған. Жарылыс ұйымдастырушы жауап алу кезінде ұйым басшылары Сирия арқылы Түркияға заңсыз жолмен жібергенін мойындаған.

Реклама
Реклама

Сойлу Түркияның қауіпсіздік құрылымдары 1200 бейнебақылау камерасының деректерін жедел зерттеп, 21 мекенжай бойынша операциялар жүргізіп, тағы 46 күдіктіні ұстағанын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Ыстамбұлдың басты туристік көшесінде жарылыс болып, 6 адам қаза тапты. Кейін Түркия вице-президенті Фуат Октай 81 адам жараланғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная