ПОДЕЛИТЬСЯ
23 тамыз 2021 | 14:33
Түркия Ауғанстандағы жағдайға байланысты шекарадағы бақылауды күшейтті
Түркия шекарадағы бақылауды күшейтіп жатыр. Бұл - елге ауған босқындарының жаппай келуін болдырмас үшін қолданылған шара, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркия шекарадағы бақылауды күшейтіп жатыр. Бұл - елге ауған босқындарының жаппай келуін болдырмас үшін қолданылған шара, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Иранмен шекараның ең ұзын бөлігі орналасқан Түркияның шығысындағы Ван провинциясында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Түркия-Иран шекарасы учаскесінде 6 шақырым модульдік бетон қабырға тұрғызылған. Билік жыл соңына дейін шекара қабырғасына тағы 64 шақырым қосуды жоспарлап отыр.
"Біз бүкіл әлемге шекарамыздан өтуге болмайтынын көрсеткіміз келеді. Ауғанстаннан қоныс аударушылар толқыны болмайды деген үміттеміз, - деді шығыс шекарадағы Ван Мехмет провинциясының губернаторы Эмин Білмез.
Түрік-Иран шекарасындағы қауіпсіздікті ондаған брондалған техника, дрондар, бейнекамералар, барлау және ұшқышсыз ұшу аппараттары қамтамасыз ететіні айтылды.
Патрульдік көліктер Иран жағындағы қозғалысты тәулік бойы бақылайды, ол жерден босқындар, контрабандистер мен күрд жауынгерлері Түркияға жиі өтуге тырысады. Түркия таулы шекарадығы жағдайды да әуеден бақылап отыр.
Бұл уақытта Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропа елдерін босқындардың жаңа легіне жауапкершілікті алуға шақырды. Ол Түркия "босқындарыдың еуропалық қоймасына" айналғысы келмейтінін ескертті.
Билік есептеуі бойынша, Түркияда 182 мың тіркелген және 120 мыңға жуық құжатсыз ауған мигранты бар.
Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ауғанстанда билікті басып алған "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілдерімен ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также