Түркия билігі Үкіметті сынға алған бұрынғы адмиралдарды босатты

Фото: elements.envato.com

Түркияда Үкіметті сынға алғаны үшін қамалған бұрынғы адмиралдар босатылды, - деп хабарлайды "Bianet".

Түркияда Үкіметті сынға алғаны үшін қамалған бұрынғы адмиралдар босатылды, - деп хабарлайды "Bianet".

Анкара соты Монтре конвенциясын қорғауға және Конституцияның өзгеруіне қарсы хат жариялаған 14 отставкадағы адмиралды ешқайда кетпеу туралы шешіммен босатты. Оларға Анкара провинциясы шекарасынан және шетелге шығуға тыйым салынды.

Билік соттан күдіктілердің бірі, отставкадағы адмирал Эргун Менгиді конституция тәртібін бұзу мақсатында қастандық жасады деген айыппен қамауға алуды сұрады. Алайда сот оны провинциядан шықпау үкімімен босатты.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұрынғы адмиралдарға қатысты қылмыстық іс 104 экс-әскери қызметкер хат жариялағаннан кейін қозғалған. Онда адмиралдар Түркияның Монтре конвенциясынан шығу мүмкіндігі туралы пікірталасты сынға алған еді. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған олардың әрекетіне қарсылық білдірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама