1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Түркия елдің халықаралық атауын өзгертеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің халықаралық атауын Turkey-ден Türkiye-ге өзгерткен Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Фото ©REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің халықаралық атауын Turkey-ден Türkiye-ге өзгерткен Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu сайтына сілтеме жасап.

Жарлық мәтінінде бұл өзгеріс бай мәдениет пен мұраны көрсететіні әрі түрік өндірушісінің сапалы өнімді сенімді жеткізуші ретінде адалдығын растауға арналғаны айтылған.

Сондай-ақ, елдің барлық ресми құжатында, соның ішінде шет мемлекеттермен және ұйымдармен кез келген хат-хабарларда Turkey, Turkei, Turquie сөздерінің орнына бірыңғай Türkiye термині қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!