ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 наурыз 2023 10:01
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жетті
Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жақындағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TRT-ға сілтеме жасап.
Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жақындағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TRT-ға сілтеме жасап.
"Құрбан болғандар саны 45 968-ге дейін жетті. Оның 4267-сі - Сирия азаматтары", - деді түрік министрі.
Ол алғашқы жер сілкінісінен бері 13 мыңнан аса қайталама дүмпу болғанын айтты.
Министрдің сөзінше, 26 300 ғимарат опырылған, бұл ғимараттардың барлығында дерлік іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілген.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. 45 мыңнан аса адам осы апаттың құрбаны болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу