26 қараша 2021 | 11:05

Түркия Turkovac вакцинасын мақұлдауға өтініш берді

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл қолдануға арналған инактивті Turkovac вакцинасын мақұлдауға өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл қолдануға арналған инактивті Turkovac вакцинасын мақұлдауға өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Turkovac бойынша жұмыс аяқталуға жақын екенін айтты.

"Мен жақсы жаңалықты бөліскім келеді: COVID-19-ға қарсы отандық Turkovac вакцинасы шұғыл пайдалануға рұқсат алуға өтініш берді", - деді Кожа.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, министрлік Түркияның дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдар жөніндегі ресми агенттігіне (TITCK) жүгінген. Түркия билігі бұл вакцинаны 2021 жылдың аяғына дейін коронавируспен күресу үшін бүкіл әлемде қолдануға болады деп үміттенеді.

Turkovac вакцинасын Эрджияс университетінің ғалымдары Түркия Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Түркияның Денсаулық сақтау басқармасымен (TÜSEB) бірлесіп жасаған. Клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі аяқталуға жақын.

Бұған дейін Түркия өз жобасы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинасының бірінші және екінші фазасын сәтті сынақтан өткізген болатын. Үшінші кезең сәтті аяқталса, вакцинаны жаппай өндіріске және пайдалануға енгізу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная