ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2021 | 08:57
Түркияда алапат су тасқынынан 17 адам қаза болды
Түркияның Қара теңіз жағалауындағы провинцияларда су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркияның Қара теңіз жағалауындағы провинцияларда су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.
Билік мәліметінше, Кастамону провинциясында су тасқынынан 15 адам, Синопта екі адам қаза болған.
Апаттар мен төтенше жағдайларды жою басқармасы (AFAD) зардап шеккен аудандардан тікұшақтар мен қайықтар арқылы 1400-ден аса адам эвакуацияланғанын және 740-қа жуық адам студенттік жатақханаларға орналастырылғанын хабарлады.
Су тасқыны салдарынан энергетикалық инфрақұрылым бұзылған, нәтижесінде 330-ға жуық ауыл электр жарығынсыз қалды. AFAD мәліметтері бойынша, бес көпір қирап, жолдардың жабылуына әкелген.
Агенттік мәліметіне сүйенсек, ел президенті Режеп Тайып Ердоған су тасқынынан зардап шеккендерге көңіл айтты.
Нөсер салдарынан пайда болған су тасқыны Синоп, Бартын, Қарабүк және Кастамону провинцияларына әсер етті. AFAD ақпаратына сәйкес, аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также