Түркияда жер сілкінісінен 260 сағат өткен соң 12 жастағы бала құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен 260 сағат өткен соң 12 жастағы бала үйінді астынан құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TRT Haber арнасына сілтеме жасап.

Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен 260 сағат өткен соң 12 жастағы бала үйінді астынан құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TRT Haber арнасына сілтеме жасап.

Он екі жасар шетелдік Осман Халебие Хатай қаласының орталығындағы Антакия ауданында үйінділерді тазалау кезінде табылған. Бала ауруханаға жеткізілді.

Реклама
Реклама

Төтенше жағдайлар қызметкерлері бүгінгі күннің жалғыз жақсы жаңалығы бұл ғана емес екенін айтады. Кахраманмарашта 29 жастағы Неслихан Кылынч құтқарылған. Ол үйінді астында 258 сағат жатқан.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел есін біледі, жағдайы қанағаттанарлық. Ол ауруханаға жеткізіліп, жылу терапиясын алып жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама