14 ақпан 2023 | 09:26

Түркияда жер сілкінісінен кейін бір қала сүріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: NTV.

Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Нұрдағы қаласы толық сүріледі. Бұл туралы губернатордың міндетін атқарушы Осман Билгин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NTV телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Нұрдағы қаласы толық сүріледі. Бұл туралы губернатордың міндетін атқарушы Осман Билгин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Шенеунік қазір іздеу-құтқару жұмыстары үйінділердің астында адамдар болуы мүмкін соңғы сегіз үйде жүргізіліп жатқанын айтты.

"Біз үлкен апатты бастан өткердік. Қала құрылысы министрі Куруммен бірге шешім қабылдадық, барлық қоқысты тазалап, қаланы толық сүреміз, 100 пайыз. Қала қайта салынады", - деді Билгин.

Реклама
Реклама

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қалада кемінде 40 мың адам өмір сүрген.

Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Сондай-ақ, Түркияның әр жерінде тұрғын үйлер мен тарихи Газиантеп бекінісі қирады. Ал Италияда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін цунами қаупі ескертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная