ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ақпан 2023 | 09:05
Түркияда жер сілкінісінен кейін бір күнде 100-ге жуық адам мародерлік жасағаны үшін ұсталды
11 ақпанда Түркияның құқық қорғау органдары тонау және алаяқтық жасады деп күдікке ілінген 98 адамды қамауға алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
11 ақпанда Түркияның құқық қорғау органдары тонау және алаяқтық жасады деп күдікке ілінген 98 адамды қамауға алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Хатай провинциясындағы ғимараттарды тонады деген күдікпен 40 адам қамауға алынған. Күдіктілерден 11 мың доллар, 70 мың түрік лирасы, 20 ұялы телефон, сегіз ноутбук, бес тұрмыстық техника, алты тапанша мен үш мылтық, зергерлік бұйымдар және банк карталары тәркіленген.
Екі адам өзін гуманитарлық көмек қызметкері ретінде көрсетіп, Хатайдағы зардап шеккендерге арналған алты азық-түлік жүк көлігін ұрламақ болған.
Сонымен қатар, билік жер сілкінісінен кейін зардап шеккендерге қоңырау шалған бірнеше адамды тұтқындады. Олар көмек көрсету үшін банк деректерін сұраған.
Осыған ұқсас оқиғалар - Кахраманмараш, Адияман, Малатиа, Османия, Адана, Газиантеп және Шанлыурфта тіркелген. Онда да күдіктілер қамауға алынды.
Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен провинцияларда тонау жағдайлары туралы мәлімдеген болатын.
"Өкінішке қарай, кейбір надандар тонаумен айналысып жатыр. Төтенше жағдайды енгізе отырып, мемлекет бұл мәселе бойынша өкілеттіктерді өз қолына алды және қажетті шаралар қабылданады", - деді Ердоған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также