ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2021 | 09:06
Түркияда жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
Түрік әуе күштерінің NF-5 жойғыш ұшағы Конья қаласы маңында құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түрік әуе күштерінің NF-5 жойғыш ұшағы Конья қаласы маңында құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Апат Қаратай қаласының орталық ауданында оқу-жаттығу рейсі кезінде болған. Оқиға болған жерде төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Ұшақтың ұшқышы қаза тапты. Ақпарат Түркия Қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.
Ұшақ "Түрік жұлдыздары" аталатын 134-ші әуе күштері қолбасшылығының аэробатика тобына кіреді. Әуе кемесі тұрғын үйлер маңындағы шөл далаға құлады. Апатқа қатысты тергеу басталды.
Түркия президенті Режеп Ердоған Twittter-де қайтыс болған ұшқыштың отбасы мен туыстарына көңіл айтып, хабарлама жариялады.
Бұған дейін Түркияның шығысында әскери тікұшақ апатқа ұшыраған болатын. Нәтижесінде генерал мен 10 әскери қызметкер қаза тапқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также