06 сәуір 2020 | 09:54

Түркияда коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан сәтті өтті

Фото: ТАСС

Түркияда жануарларға жасалған коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы Хаджеттеп (Анкара) университеті медициналық факультетінің профессоры Атеш Қара айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда жануарларға жасалған коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы Хаджеттеп (Анкара) университеті медициналық факультетінің профессоры Атеш Қара айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақсы жаңалық. Жануарларға микро ине арқылы жасалған коронавирусқа қарсы вакцина иммунды жауабын берді. Яғни қарсы денелер бөлінді. Қазір "бұл адамдарды қорғай ала ма?" деген жауапты білетін уақыт келді", - деп жазды ғалым Twitter әлеуметтік желісінде.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 11 наурызда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Қазіргі таңда қауіпті індетті миллионнан аса адам жұқтырды, шамамен 57 мың адам аурудан көз жұмды.

Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 584-ке жетті. 42 науқас аурудан жазылды, 6 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная