ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2020 | 09:05
Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды
Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркияда коронавирустың екінші толқыны басталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Пандемия жалғасып жатыр, күн сайын жұқтырғандар көбеюде. Бізде бірінші толқындағыдай екінші рет жаппай жұқтырғандардың саны артты. Анкара, Ыстамбұл, Измир, Бурсада әлі күнге дейін қауіп жоғары", - деді елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.
Оның айтуынша, елдің шығыс провинцияларында да - Газиантеп, Шанлыурф, Мардин, Эрзурумда жұқтырғандар көбейіп жатыр.
Министрліктің соңғы деректері бойынша, Түркияда сәрсенбі күні 1 596 жағдай тіркелген. Бұл - 15 маусымнан бастап тәулік ішіндегі ең көп өсім. Жалпы жұқтырғандар саны 273 301-ге жетті. Соңғы тәулікте 45 адам қайтыс болды, ал пандемия басталғалы бері 6462 науқас көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также