02 ақпан 2021 | 11:31

Түркияда наразылыққа шыққан 200-ге жуық студент ұсталды

Фото ©REUTERS

Түркияда наразылыққа шыққан студенттер арасында 159 адам ұсталды. Акция Босфор университетінің жаңа ректоры Мелих Булудың тағайындалуымен байланысты басталған. Оны тағайындау туралы шешімді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда наразылыққа шыққан студенттер арасында 159 адам ұсталды. Акция Босфор университетінің жаңа ректоры Мелих Булудың тағайындалуымен байланысты басталған. Оны тағайындау туралы шешімді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Студенттік наразылық акциялары Стамбулда 1 ақпанда басталып, қазірге дейін жалғасып жатыр. Мұның себебі 2015 жылы Түркияда өткен парламенттік сайлауда Ердоған басқаратын билеуші консервативті әділет және даму партиясынан (PSR) үміткер болған экономист Мелих Булудың жоғары оқу орнының жаңа ректоры болып тағайындалуы.

Реклама
Реклама

Фото: Reuters

Биліктегілердің айтуынша, студенттер "ескертулерге қарамастан" акцияны тоқтатудан бас тартқандықтан оларды ұстап әкеткен. Қала басшысының айтуынша, студенттер ректордың жұмыс кеңсесінің бойына сап түзеген.

Ал AFP агенттігі оқиға болған жерде түсірілген видеоға сілтеме жасай отырып, акция бейбіт сипатта болғанын және құқық қорғау органдары оны тарату кезінде күш қолданғанын хабарлады.

Студенттер ректордың кетуін ғана емес, сонымен бірге университет ғимаратына ЛГБТ қауымдастығының кемпірқосақ туы мен Меккедегі мұсылмандарға арналған қасиетті Кааба ғимаратының суретін салғаннан кейін ұсталған төрт студентті босатуды талап етті. Ердоған ЛГБТ қозғалысының өкілдерін вандализм үшін айыптады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная