28 ақпан 2023 11:00

Түркиядағы жер сілкінісі: 100-ден аса адам зардап шеккен

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Anadolu

Түркияда кейінгі қайталанған жер сілкінісі салдарынан 110 адам зардап шекті, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда кейінгі қайталанған жер сілкінісі салдарынан 110 адам зардап шекті, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Малатья провинциясында жер сілкінісі болғанын хабарлаған түрік билігінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,6 болған. Ал Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) жерасты дүмпу магнитудасын 5,2 деп анықтап, жер сілкінісі 6,15 шақырым тереңдікте болғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Билік жерасты дүмпулері салдарынан 29 ғимарат қирағанын хабарлады. Түркия Апаттар және төтенше жағдайларды басқару президиумының (AFAD) басшысы Юнус Сезер Малатьядағы бес ғимаратқа құтқару топтары жіберілгенін айтты.

AFAD-тың жер сілкіністері және қауіп-қатерді азайту жөніндегі бас директоры Орхан Татар аймақта соңғы үш аптада төрт жер сілкінісі, сондай-ақ магнитудасы 5,0-ден 6,0-ге дейін болатын 45-тен аса жер сілкінісі болғанын айтты.

Еске салайық, Түркияның шығыс аймағында магнитудасы 5,2 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы 9-да тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram