07 ақпан 2023 | 15:09

Түркиядағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 3,5 мыңға жуықтады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:twitter.com/anadoluagency

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,5 мың адамға жуықтады. Бұл туралы вице-президент Фуат Октай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,5 мың адамға жуықтады. Бұл туралы вице-президент Фуат Октай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, зардап шеккендер саны 3 419 адамға артып, 20 534 адам жарақат алған.

Бұған дейін 3 381 адам қаза тауып, 20 436 адам жараланғаны туралы хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Түркия жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Елдегі және көршілес Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная