07 ақпан 2023 | 17:20

Түркияға Қазақстаннан қанша дәрігер көмекке жіберіледі?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркия тарапынан тиісті сұраныс түскен жағдайда 125 қазақстандық дәрігер Түркияға жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркия тарапынан тиісті сұраныс түскен жағдайда 125 қазақстандық дәрігер Түркияға жіберіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Түркияға құтқару тобы ұшып кетті, оның құрамында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.

"Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде дәрігерлер тобы құрылды, олар түрік тарапының өтініші бойынша, қажет болған жағдайда, Түркияның зардап шеккен аудандарына жіберіледі", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Ресми мәлімет бойынша, дәрігерлер бригадасына 125 адам кірді, оның ішінде 30 реаниматолог, 25 травматолог, 24 хирург, 20 нейрохирург, 16 терапевт және тағы 10 маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная