ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2022 | 11:43
Түркияның мұнай құбырында жойқын жарылыс болды
Ирак пен Түркияны байланыстыратын ірі Киркук-Джейхан мұнай құбырында жойқын жарылыс болып, арты өртке жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ирак пен Түркияны байланыстыратын ірі Киркук-Джейхан мұнай құбырында жойқын жарылыс болып, арты өртке жалғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның мемлекеттік мұнай құбыры операторы Botas оңтүстік-шығыстағы Кахраманмараш провинциясы маңындағы жарылыстан кейін Киркук-Джейхан құбыры арқылы мұнай жеткізу тоқтатылғанын мәлімдеді.
Botas мәлімдемесінде жарылыстан кейін өрттің басталғаны оны сөндіруге өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келгені айтылған. Компания құбырдың 511-ші шақырымына жақын жерде болған жарылыстың себебі белгісіз екенін айтты. Қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ. Өрттің тұрғын үйлерге таралу мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, бұл құбыр арқылы Түркияның Джейхан портынан экспортқа Күрдістаннан шикі мұнай тасымалданады.
Апат шикі мұнайдың әлемдік бағасын соңғы 7 жылдағы ең жоғары деңгейге жеткізген жеткізілімдегі үзілістердің соңғысы болып табылады. Өткен тәулікте Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 1,30 долларға өсіп, 88,81 долларды құрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также