16 тамыз 2019 | 17:49

Түркияның түнгі клуб күзетшілері қазақстандық туристі соққыға жыққан

© pixabay.com

Түркияда түнгі клуб күзетшілері Қазақстан турисін соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 18 жастағы жігіт бас жарақатын алған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда түнгі клуб күзетшілері Қазақстан турисін соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 18 жастағы жігіт бас жарақатын алған. 

Жәбірленуші Павел Новиковтың анасы Кристинаның айтуынша, оқиға 16 тамызда кешкі уақытта Белекте болған. Жігіт қонақүй маңындағы түнгі клубқа барған. Түнгі клуб иесіне жігіттің қыздармен билеп жатқаны ұнамаған көрінеді. Бес күзетші жігітті сыртқа шығарып, соққыға жыққан. 

Реклама
Реклама

"Түнгі клубта менің балам қыздармен тұрған. Түнгі клуб қожайынына бұл ұнамай, күзетшілерін жіберген. Бес еңгезердей жігіт оны сыртқа шығарып, соққыға жыққан. біреуі ұстап ұрса, екіншісі ұрған. Сосын балам жерге құлап, олар оны тепкілей бастаған", - дейді жәбірленушінің анасы. 

Жәбірленушінің анасы оқиға қонақүй маңындағы түнгі клубта болғанын айтқан.

"Біз қонақүйдің тіркеу орнына барып, полиция шақыруын өтіндік. Бірақ олар шақырмады. Сосын мен өз ұялы телефонымнан полицияға хабарластым. Бізге сол қонақүйде тұрып жатқан отандастарымыз көмектесті. Полиция келіп, іс қозғап, біз анализдер тапсырдық Түні бойы полиция бөлімшесі мен ауруханада жүрдік. Енді тағы 3-4 дәрігердің алдынан өту керек. Куәгер көп. Бұл клуб типтес бес жұлдықды қонақүй. Қазір біз судьяны күтіп отырмыз", - деп хабарлады анасы.

"Таңнан бері Қазақстан елшілігімен байланысуға тырыстық. Бірақ ол жерде біреу жоқ екен. Әзірше байланыса алмай жатырмыз. Барлық нәтижелері, өтініштер, полиция рапорты біздің қолымызда", - дейді жәбірленушінің анасы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная