ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қараша 2021 | 11:48
Түрікмен студенттеріне Green Card лотереясына қатысуға тыйым салынды - БАҚ
Түрікмен студенттеріне әлеуметтік желілерді пайдалануға ескерту жасалып, институт басшылығы АҚШ-қа кетуге тырысқандары үшін оқудан шығаратындарын айтып қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Түрікменстан шежіресі" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Арнаның мәліметінше, Түрікменабадтағы Сейітназар Сейди атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында студенттердің мінез-құлқына арналған жиын өткен. Жиын барысында институт ректоры жуырда түрікмен студентінің атына кір келтіретін әрекеттерге барған үш студенттің ұсталғанын айтқан.
Прокуратура өкілі шетелдік интернет-басылымдар мен әлеуметтік желілердің жастарға кері әсері туралы айтып, студенттерден осындай ресурстар мен VPN пайдаланбауды, сабаққа ұялы телефон әкелмеуді сұраған.
Ректор студенттер арасында америкалық Green Card лотереясының танымал болуына назар аударып, студенттерді елден кетуге тырысқаны үшін оқудан шығарамын деп қорқытқан.
2012 жылы түрікмен студенттеріне институтқа өз көліктерімен немесе таксимен келуге, түнгі клубтарға, кафелер мен мейрамханаларға баруға тыйым салынған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также