26 қыркүйек 2021 | 14:04

Түрікменстан президенті Бердімұхамедов жаңа кітап жазды

Фото: РИА Новости©

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов "Тәуелсіздік - бақытымыз" атты жаңа кітабын жазып шықты. Бұл туралы жексенбіде үкіметтің "Нейтральный Туркменистан" орыс тілді газеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов "Тәуелсіздік - бақытымыз" атты жаңа кітабын жазып шықты. Бұл туралы жексенбіде үкіметтің "Нейтральный Туркменистан" орыс тілді газеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы кітабы туралы өзі басқарып отырған түрікмен Парламентінің жоғарғы палатасы - Халк Маслахат (Халық кеңесі) отырысында айтты. Түрікменстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған отырысқа депутаттардан басқа елдің барлық басшылығы қатысты.

"Түрікменстан басшысы жиналғандарға "Garaşsyzlyk - bagtymyz" ("Тәуелсіздік - бақытымыз") деп аталатын тағы бір кітабын аяқтағанын айтып, қорытынды сөз сөйледі", - делінген газетте.

Реклама
Реклама

Президент тәуелсіздік - өлшенбейтін ұлы ұғым екенін атап өтті.

"Бұл сөзде ержүрек ата-бабаларымыздың еркін және бақытты өмірі туралы армандары мен ұмтылыстары, даңқты өткеніміз, сүйікті Отанымыздың бүгіні мен болашағы жатыр", - деді президент.

Бердімұхамедов жаңа кітабында ел тәуелсіздігінің ұлттық тамыры мен тарихын ашуға, сондай-ақ қазіргі заманның негізгі міндеттерін шешуде бейтарап мемлекеттің халықаралық-құқықтық мәртебесінің ролін баяндауға тырысқанын атап өтті.

"Кітапта әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшесін біріктіруге бағытталған жоғары мақсаттарды одан әрі іске асыру мүмкіндіктері жан-жақты талданған. Ол оқырмандарға халықтарды бейбітшілік, прогресс және бүкіл адамзаттың жарқын болашағы үшін біріктіретін идеялардың тұрақты мәнін ашады", - деді Бердімұхамедов.

Ол жаңа туынды қызықты әрі пайдалы болатынына, сондай-ақ, Түрікменстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына сыйлық болатынына сенім білдірді.

Түрікменстан президенті түрікмен тарихына, ахалтеке жылқыларына, түрікмен кілемдеріне, музыкаға, тамақ дайындауға, шайға, мақал-мәтелдерге, түрікмен алабайларына және басқа да тақырыптарға арналған бірқатар жұмыстың авторы. Гурбангулы Бердімұхамедовтің шығармаларының электрон кітапханасында 60-тан аса кітап бар, олардың көбі шет тілдеріне аударылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная