01 шілде 2020 | 09:32

Түрікменстан президенті пайғамбар жасына толуына орай садақа берді

© tdh.gov.tm

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 29 маусымда 63 жасын тойлады. Сол күні пайғамбар жасына келгені үшін садақа берді және ақсақалдармен әңгімелесті. Бұл туралы "Туркменистан сегодня" мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 29 маусымда 63 жасын тойлады. Сол күні пайғамбар жасына келгені үшін садақа берді және ақсақалдармен әңгімелесті. Бұл туралы "Туркменистан сегодня" мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

Садақа Гөкдепе мешітінде болды. Ақсақалдар президентке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ел игілігі үшін атқарып жатқан істерінің алға басуын тіледі.

Реклама
Реклама

Бердімұхамедов 63 жасқа толған адамға өмір көрген тұлғадай құрмет көрсетілуі керегін атап өтті. Оның айтуына қарағанда, жасқа келген адам ақ пен қараны айырып, өмірдің талай қиындығын еңсерген деп есептеледі. 

"Президент лауазымына түскен кезде мен өзімнің негізгі ұранымды "Мемлекет - адам үшін" деп жарияладым. Бұл саясатымда да осылай іске асты", - деді Түрікменстан президенті.


© tdh.gov.tm

Ашхабадта кешке туған күнге орай мерекелік концерт өтті. Басылым "президенттің сөздеріне жазылған ән жинағы көрермендер үшін сыйлық болғанын" хабарлады.

Концерт сөзі мен музыкасын жазған Гурбангулы Бердімұхамедов пен немересі Керимнің "Арман" деген әнімен аяқталды. Оны қатысушылардың бәрі хормен орындады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная