08 желтоқсан 2020 | 12:01

Түрікменстанда "COVID-19 жұқтырғандар жоқ, бірақ ауруханалар толы" - БАҚ

Фото ©РИА Новости

Түрікменстан билігі елде әлі күнге дейін коронавирустың бірде-бір жағдайы тіркелмегенін айтады, - деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтары қызметі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түрікменстан билігі елде әлі күнге дейін коронавирустың бірде-бір жағдайы тіркелмегенін айтады, - деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтары қызметі.

Алайда, дереккөз мәліметінше, елдегі медициналық мекемелерде COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауыратын науқастардың саны көп және науқастарға орын жетіспей жатыр. Тіпті көбі ауруханаға жатқызудан бас тартып жатыр екен.

Реклама
Реклама

"Коронавирустан қайтыс болғандарға пневмония диагнозы қойылып, оны өлімнің себебі ретінде көрсетіп жатыр. Ал оларды жерлеу қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің қадағалауымен жүргізіледі. Бірақ Түрікменстан билігі елде коронавирустың бірде-бір жағдайы тіркелмегенін айтады", - деп жазады басылым.

Елдің кей аймағында коронавирус белгілері бар барлық науқасты ауруханаға жатқызу мүмкін еместігіне байланысты бірқатар медициналық мекеменің карантинге жабылғаны айтылады. Осы себепті, көптеген науқас халық емімен үй жағдайында емделіп жатыр екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная