12 қазан 2021 11:51

Twitter-де жаңа функция пайда болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Twitter микроблогтар қызметі барлық пайдаланушыларға жазылушыларды бұғаттамай-ақ өшіру мүмкіндігін енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter микроблогтар қызметі барлық пайдаланушыларға жазылушыларды бұғаттамай-ақ өшіру мүмкіндігін енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания қызметкерлерінің айтуынша, қыркүйек айынан бастап жазылушыларды жою функциясын сынап көрді. Мақсат қолданушыларға құпиялылық есептік жазбасын бақылауды қамтамасыз ету.

"Жазылушыларды жою опциясы енді веб-нұсқадағы барлық адамдар үшін қол жетімді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желі өкілдері жаңа функцияны пайдалану туралы нұсқауларды қосты. Сонымен, жазылушыны жою үшін өзіңіздің профиліңізге өтіп, "жазылушылар" түймесін басуыңыз керек, содан кейін үш нүктелі белгішені басып, "осы жазылушыны жою" тармағын таңдайсыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram