ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2018 | 12:18
Удмуртияда әжесі, қызы және немересі 12 қабатты үйдің шатырынан құлап кетті
Удмуртияда жантүршігерлік оқиға болды. Екі әйел мен бір бала - әжесі, қызы және немересі 12 қабатты үйдің шатырынан секіріп кеткен.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Удмуртияда жантүршігерлік оқиға болды. Екі әйел мен бір бала - әжесі, қызы және немересі 12 қабатты үйдің шатырынан секіріп кеткен.
BadNews Telegram каналының мәліметінше, оқиға Удмуртия Республикасының Глазов қаласында болған. Прокуратураның өкілі қайтыс болған үш адамның денесі үйдің маңынан табылғанын және қаза тапқандар - тоғыз жастағы қыз, оның 35 жастағы анасы және 55 жастағы әжесі екенін мәлімдеді.
Оқиға болғанға дейін, әйел адам мектепке келіп Жаңа жыл мерекесін тойлауға келмейтінін айтып ескерткен. Қайтыс болғандардың жанынан тек есімдері жазылған хат табылған. Пәтерде бір жасар сәби қалған. Отбасы бұрын соңды теріс қылықтарымен көзге көрінбеген.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән жайын анықтап жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.
Показать комментарии
Читайте также