03 қаңтар 2022 | 15:32

UFC чемпионы кәсіпқой боксты бағындыруға ниетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Аса ауыр салмақта UFC ұйымының чемпионы Фрэнсис Нганну кәсіпқой боксқа ауысқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аса ауыр салмақта UFC ұйымының чемпионы Фрэнсис Нганну кәсіпқой боксқа ауысқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мен түбінде кәсіпқой бокста жұдырықтасамын. Егер мен UFC-де қалатын болсам да, боксты қатар алып жүретін боламын. Келесі жолы келісімшарт жасаған сәтте онда міндетті түрде боксты да қосамын. Өйткені мен шынымен, кәсіпқой бокста бағымды сынағым келеді", - деді Нганну. 

Айта кетейік, Нганну соңғы кездесуін 2021 жылдың наурыз айында өткізіп, Стипе Миочичті жеңді. Содан бері Фрэнсис әлі өнер көрсетпеді.

Реклама
Реклама

Осындай ұзақ үзіліске байланысты UFC уақытша чемпиондық айқас та ұйымдастырды. Онда Сириль Ган мен Деррек Льюис кездесіп, Ган міндетті қарсылас атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная