ПОДЕЛИТЬСЯ
26 сәуір 2020 | 15:23
Ухан ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады
Коронавирус пандемиясы басталған қытайлық Хубэй провинциясының Ухан қаласында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус пандемиясы басталған қытайлық Хубэй провинциясының Ухан қаласында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Ухан дәрігерлері мен оларға елдің түкпір-түкіпірінен көмектесуге келген медицина қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында, 26 сәуірдегі жағдай бойынша Ухан ауруханаларында коронавирус инфекциясы бар науқас жоқ", - деді мемлекеттік денсаулық сақтау мәселелері комитетінің ресми өкілі Ми Фэн.
Комитет 25 сәуірде жариялаған статистикалық есепке сүйенсек, індет басталғаннан бері Хубэй провинциясында 68128 вирус (Уханьда - 50333) жұқтыру дерегі анықталған, оның ішінде 63 604 адам жазылса, 4512 адам (Уханда 3869) қайтыс болған. Сол кезде Уханда 12 науқас қалғаны хабарланған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также