ПОДЕЛИТЬСЯ
29 ақпан 2020 | 09:25
Ухандық коронавирус әлемге таралып жатыр
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус қауіпіне берген бағасын жаһандық деңгейде "ең жоғарғыға" көтерді. Бұл туралы 28 ақпанда ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус қауіпіне берген бағасын жаһандық деңгейде "ең жоғарғыға" көтерді. Бұл туралы 28 ақпанда ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз COVID-19 вирусының таралу қаупі мен әсер ету тәуекелінің бағасын жаһандық деңгейде ең жоғары деңгейге көтердік", - деді ол баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, ДДҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Майкл Райанның айтуынша, қазір COVID-19 бойынша деректер коронавирусты пандемия деп санауға мүмкіндік бермейді. Ол "пандемия" терминін әлемде кез келген адам вирусты жұқтырғанда қолдануға болатынын атап өтті.
29 ақпанда таңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайдағы коронавирусты жұқтырудың расталған оқиғаларының саны 79 251-ға жетті, оның ішінде 2 835 адам қайтыс болды, 39 мыңнан аса адам емделіп, ауруханадан шығарылды.
Соңғы тәулікте Қытайда 427 адам ауру жұқтырғаны анықталды, ауруханадан 2885 адам шығарылды, 47 адам қайтыс болды, коронавирусқа күдікті тағы 248 оқиға тіркелді.
Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырудың 594 жаңа жағдайы тіркелген. Осылайша, елде жұқтырғандардың жалпы саны 2931-ге жетті, тағы үш адам қайтыс болды.
БАҚ мәліметінше, коронавирусты жұқтырудың алғашқы оқиғалары Монако мен Ұлыбританияда тіркелген.
"Италияда коронавирусты жұқтыру оқиғаларының саны 200-ден асты", - деп мәлімдеді жұма күні кешке елдің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Боррелли.
Иранда коронавирустың өршуіне байланысты ел Парламенті жұмысын тоқтатты. Жергілікті БАҚ мәліметінше, бірнеше иран депутаттары коронавирус жұқтырған. Жұмадағы жағдай бойынша Иранда 388 адам ауру жұқтырғаны, оның 34-і қайтыс болғаны айтылды.
Показать комментарии
Читайте также