24 шілде 2020 12:20

Ухандық отбасы сорпадан өлі жарқанат тапты

Сурет: Hubei Television

Ухандық отбасы тапсырыс берген сорпасынан өлі жарқанат тапты. Бұл туралы Қытайдың Hubei телеарнасы хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ухандық отбасы тапсырыс берген сорпасынан өлі жарқанат тапты. Бұл туралы Қытайдың Hubei телеарнасы хабарлады. 

Сорпаны қаладағы мейрамханалардың бірінен тапсырыс берген. Ас ішіп отырғанда олар табақтан түсініксіз қара нәрсені байқаған, анығырап қараған соң оның өлі жарқанат екенін түсінген. Кейін отбасы мүшелері тез арада коронавирусқа тест тапсыру үшін зертханаға барған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, талдау нәтижесі теріс.

Реклама
Реклама

Ал мейрамхана басшылығы бұл оқиғаға олардың қатысы жоқ екенін және сүтқоректілер тамаққа түсуі мүмкін еместігін айтқан. "Жарқанаттар көбіне түнде ғана ұшады, ал біз сорпаны түсте дайындадық. Біз ғимараттан шықпадық", - деді мекеме иесі.

Жергілікті билік өкілдері тергеуді бастап кетті.

Еске салайық, Қытайда COVID-19 эпидемиясы былтыр желтоқсан ортасында басталды, 2020 жылдың 7 қаңтарына қарай ол түрлі елдерге таралып, ауқымы кеңейді. Бастапқыда вирус адамға жарқанаттан жұқты деген ақпараттар тараған. Алайда бұл дерек ғылыми дәлелденген жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram