29 маусым 2021 | 09:14

Ухандық зертхананың бұрынғы қызметкері коронавирустың тарауына қатысты ойын айтты

© bloomberg

COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін Ухан вирусология институтында жұмыс істеген аустралиялық вирусолог Даниэль Андерсон Bloomberg-ке берген сұхбатында SARS-CoV-2 коронавирусының тарауына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Газета.Ru

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андерсон коронавирустың тарауына байланысты бір ғана ойды ұстанып отырғанын айтады. Оның айтуынша, 2019 жылдың соңына қарай зертханада ол және оның әріптестерінің ешқайсында коронавирус симптомдары байқалмаған. 

"Егер адамдар жұқтырып алған болса, мен де жұқтырып алуым керек еді деп болжап отырмын, бірақ олай болған жоқ", - дейді ол. 

Реклама
Реклама

Маман вирустың нақты қайдан пайда болғаны әлі белгісіз екеніне таңғалмайтынын айтады: бұған дейін балаларда пневмонияның табиғи қоздырғышын анықтау үшін шамамен он жыл кеткен екен. 

Алайда ғалым вирустың зертханадан тарағаны туралы пікірді де теріске шығармай отыр. Ол вирус қытайлық зертханадан тараған күннің өзінде ғалымдар жаман нәрсе ойламағанын айтады. Адамдар оны жұмыс кезінде байқамай жұқтырып алып, сосын басқа адамдарға таратқан болуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram