15 ақпан 2021 09:08

Уханға келген ДДҰ сарапшысы вирус қалай тарай бастағанын болжады

©️ Tengrinews.kz

ДДҰ халықаралық сарапшылар тобының мүшесі дәрігер Питер Дасзак COVID-19 пандемиясы қалай өрбіген болуы мүмкін екенін болжады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДДҰ халықаралық сарапшылар тобының мүшесі дәрігер Питер Дасзак COVID-19 пандемиясы қалай өрбіген болуы мүмкін екенін болжады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның сөзінше, "вирустың таралу жолына назар аудару қажет". Дасзак The New York Times-қа берген сұхбатында инфекция жарқанаттар мен жабайы жануарлар арқылы фермаға түсіп, оны қызметкерлер не күзен, борсық, жанат тәрізді ит жұқтырған болуы мүмкін. Артынша вирус Ухандағы базарға түскен кезде тарай бастаған. 

Сонымен қатар, ДДҰ сарапшылары Қытайдағы құпия саясат салдарынан кей науқас туралы дерек ала алмаған. Одан бөлек, коронавирус жұқтырып, ауырып шыққан кей адам ұйым өкілдерімен кездесуден бас тартқан.  

Реклама
Реклама

Бүгінде ДДҰ сарапшылар тобы Қытайда коронавирус қалай тарай бастағанын анықтау мақсатымен жүр. Мамандар 14 қаңтарда Уханға келгеннен кейін 14 күн карантинде жатып, 29 қаңтарда жұмысқа кіріскен.  

ДДҰ сарапшылары коронавирус жұқтырған алғашқы адамдармен кездеседі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram