Уилл Смиттің "Оскардағы" әрекетіне қатысты тексеріс басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
© REUTERS

Америкалық киноакадемия актер Уилл Смитке қатысты тәртіптік іс қозғағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Америкалық киноакадемия актер Уилл Смитке қатысты тәртіптік іс қозғағанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Актер Крис Рокты әйелі Джада Пинкетт-Смит туралы әзілі үшін шапалақпен ұрды. Комик сахнада Пинкетт-Смиттің шаш үлгісі туралы айтады. Ол ауруға шалдығып, бір жыл бұрын шашын алып тастаған.

©REUTERS

Реклама
Реклама

"Бүгін басқарушылар кеңесі Смит мырзаға академияның мінез-құлық стандарттарын бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғады, оның ішінде орынсыз физикалық байланыс, қорлау немесе қорқыту", - деді CNN академия мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Киноакадемия мәліметінше, оқиғадан кейін актерге рәсімнен кету ұсынылған, бірақ ол бас тартқан.

Еске салайық, Уилл Смиттің өзі "Оскар" кешіндегі мінез-құлқы үшін кешірім сұраған болатын.

"Кез келген түрдегі зорлық-зомбылық улы және жойқын. Менің өткен түнде рәсімдегі мінез-құлқым ерсі және кешірілмейді", - деп жазды Смит Instagram-парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама