Украина АҚШ-пен келіссөздердің соңғы кезеңіне шыққанын мәлімдеді

Фото:depositphotos.com

Украина мен АҚШ пайдалы қазбаларды өндіру туралы келісім бойынша келіссөздердің соңғы кезеңінде тұр. Бұл туралы Украина вице-премьері Ольга Стефанишина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, украиналық және америкалық топтар келіссөздің соңғы сатысына өткен және келісімнің барлық негізгі тұстары келісілген.

"Келіссөздер өте конструктивті өтті. Біз АҚШ пен Украина көшбасшыларының бұл келісімді Вашингтонда мүмкіндігінше тезірек қол қойып, бекітеді деп үміттенеміз", – деді ол.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Украинаға көрсеткен көмегінің өтеуі ретінде украиналық ресурстарды пайдаланға шақырған еді. Алайда, Украина президенті Владимир Зеленский бұл келісімге қол қоюдан бас тартқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама