ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 16 наурыз 2014, 21:34
Украина әлеуметтік бағдарламаларды қысқартып, қорғанысқа көңіл бөлмек
Украина әлеуметтік бағдарламаларды қысқартып, қорғанысқа қажет шығындарды көбейтеді, - деп хабарлайды ҚазТАГ, "Украинские национальные новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк Министрлер кабинетінің отырысында шекарашылар мен ішкі әскерге және қорғаныс министрлігіне қаражат қажет екенін мәлімдеген. Сондай-ақ, "Министрлер кабинеті ІІМ мемлекеттік шекара қызметі мен қорғаныс министрлігіне 3 айға қосымша 6,8 миллиард гривен бөледі", - делінген жарияланымда. Премьер қорғаныс үшін қаржының бірқатар бағдарламаларды, соның ішінде әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту есебінен бөлінетінін атап өтті. А.Яценюк: "елді қорғап, экономикалық өсім тұрақталғаннан кейін бағдарламаның бәрі қайта қалпына келтіріледі" деп уәде берді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии