28 ақпан 2022 | 11:17

Украина ЕО-ға қосылуы керек - Еуропа комиссиясының басшысы

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©REUTERS

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украинаның Еуропа Одағына қосылуына қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Украинаның Еуропа Одағына қосылуына қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Euronews-ке берген сұхбатында Киев пен Брюссель бірқатар мәселе бойынша тығыз жұмыс істейтінін, Украина кейбір еуропалық процестерге қатысатынын айтты. Соның ішінде Украина нарығын ЕО-ның бірыңғай нарығына интеграциялау мәселесі де бар.

Реклама
Реклама

"Біз энергетика саласында, басқа салаларда да өте тығыз ынтымақтасамыз. Уақыт өте келе Украина ЕО-ға қосылуы керек. Бұл - біз Еуропа отбасында көргіміз келетін ел", - деді Урсула фон дер Ляйен.

ЕО бұл соғысты тоқтатуға дайын ба деген сұраққа ЕК төрағасы соғысқа қашан да қарсы екенін айтты.

"Біз қашан да соғысқа қарсы болдық. Украина бұл соғысты ешқашан қаламады. Путин бастап, басқарып отыр. Сондықтан қаржы және экономика саласындағы қатаң санкцияларға жауап береміз. Бүгін санкциялардың үшінші пакетін ұсындым. Мысалы, кейбір ресейлік банктерді SWIFT жүйесінен ажыратып, ресейлік орталық банктің активтерін бұғаттауға дейін шаралар қабылданды. Жеке тұлғалар да санкцияға ұшырайды. Алғаш рет Еуропа Одағы Украинаға қару-жарақ жібереді. Бүгін тағы екі қадам жасалады: ресейлік ұшақтарға әуе кеңістігі жабылады және Russia today және Sputnik-ке тыйым салынады. Өйткені олар - Кремльдің үгіт-насихат жасайтын басты құралы", - деді ол.

Айта кетейік, 23 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Ресейдің жоспарында Украинаға шабуыл жасау мақсаты жоқтығын айтты. Осы уақытта CNN тілшісі Киевте тікелей эфир кезінде бірнеше жарылыс дыбысын естігенін айтты.

Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабарланған болатын. Жергілікті тұрғындар да Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын айтты.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді.

Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады - СІМ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная