ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2022 | 16:35
Украина қалаларға жаппай зымыран шабуылы жасалғанын хабарлады
Дүйсенбі, 10 қазанда Украина қалаларына жаппай шабуыл жасалғаны хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүйсенбі, 10 қазанда Украина қалаларына жаппай шабуыл жасалғаны хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Telegram-да Киев пен 8 облыстағы 11 маңызды инфрақұрылым нысаны бұзылғанын жазды.
Әлеуметтік желілерде Украинаның әртүрлі аймағындағы жарылыстар туралы хабарлар пайда болды.
Қалалардың мэрлері мен облыстық әскери әкімшілік басшылары ресми Telegram-арналарында жариялаған ақпарат бойынша, Киев, Хмельницкая, Львов, Тернополь, Харьков, Одесса, Николаев, Житомир, Сумы, Днепропетровск және басқа да облыстарда маңызды инфрақұрылымға соққы жасалған.
Кейбір қалаларда, атап айтқанда, Харьков, Хмельницкий, Житомир және Львов қалаларында электр және сумен қамтамасыз етуде проблема барын жазып жатыр, ұялы байланыс пен интернетте үзілістер бар.
Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный 10 қазанда Украинада 75 зымыран атылғанын, оның 41-ін әуе шабуылына қарсы қорғаныс атып түсіргенін айтты.
Ресейдің Украинаға жаппай зымыран шабуылы - Владимир Путиннің бейбіт келіссөздерге шақырғандарға берген жауабы. Бұл туралы дүйсенбі, 10 қазанда шабуылдарға қатысты пікір білдірген сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді.
Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Ростислав Смирнов мәлімдеген алдын ала мәлімет бойынша, 8 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған. Украина Ұлттық полициясы 5 адам қаза тауып, 12 адам жараланғанын хабарлады.
Адамдар қаза болғанын Украина президенті Владимир Зеленский де растады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также