19 ақпан 2020 | 10:44

Украина Қытайдағы екі қазақстандықты эвакуациялайды

© Тұрар Қазанғапов

Украина Қытайдағы екі қазақстандықты отанына жеткізуге көмектеседі. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украина Қытайдағы екі қазақстандықты отанына жеткізуге көмектеседі. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, 20 ақпанда Уханнан тағы екі қазақстандық эвакуацияланады.

Реклама
Реклама

"Украиналық ұшақ бар, ол екі елдің азаматтарын жеткізеді. Бастапқыда Алматыға ұшып келеді де, сосын ары қарай Киевке ұшып барады", - дейді Мұхтар Тілеуберді.

Мұның алдында министр Жапония жағалауында тұрған кемедегі төрт қазақстандықтың коронавирус жұқтырмағанын және таяуда отанына оралатынын айтқан болатын. "Diamond Princess лайнерінде 4 азаматымыз бар. Олар коронавирус жұқтырмаған. Оған лайнердегі өткізілген тест нәтижесі дәлел. Ал бүгіннен бастап лайнердегі барлық жолаушы карантиннен сыртқа шығарылады. Мұнда да жолаушылар қосымша тексерістен өтеді", - деген еді сыртқы істер министрі мәжіліс кулуарында.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная